Тәрбие жұмыстары

Рассмотренных обращений: 4
Не рассмотренных обращений: 1

С праздником!
Автор: Байдрахманова А.Ш.

Жазғы демалыс лагеріндегі өнерлі балаларға арналған ауысым бағдарламасы

Жаз айлары-балалар үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт.

Жаз-бала өміріндегі рухани,шынығу, ойлау қабілеті дамуы мен демалуындағы ерекше уақыт. Каникул-тек демалыс уақыты ғана болатын үлкен әлем.

Жазғы демалыс –мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана –сезімдік, дүние танымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Осы кезде оқушыны бос уақытты дұрыс пайдалануға бағыттаудың мәні зор.

        3 маусым. Құстар күні.

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу. Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді.

-Линейка

-Таңғы ас

    Таңғы астан кейін «Өзің туралы айт» ұйымдастыру сәті өтті.Әр оқушы автор орындығына отырып, өз жайында таныстырды. Оқушылар отбасы, жақын достары, сүйікті ойындары жайында әңгімеледі. Басынан өткен қызықты есте қаларлық оқиғаларын айтты. Осыдан кейін «Жылулық» операциясы өтті.

« Құстар жайында» атты деректі фильм көрсетіліп, құстар жайында мағлұмат берілді.Құстардың түрлерімен, қоректенуі, оларды қорғау керектігі жөнінде айтылды.Осы тақырыпқа байланысты «Қызыл  кептер»,  «Ұшты,  ұшты» сияқты қызықты ойындар ойнады.

-    Түскі ас

-    Түскі астан  кейін оқушылар тәтті ұйқыға жатты. Ұйқыдан оянғаннан кейін балалар бесін асын ішті.Содан кейін балаларға құстар бейнеленген боямаларды бояды.Осы суреттер арасында көрме өткізіліп,жақсы салынған суреттер мадақталды. Лагерь ауласында таза ауада балалар қызықты ойындар ойнады.

4 маусым. Рәміздер күні

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу.Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді.      « Пайдалы және зиянды әдеттер »  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

    Таңғы астан кейін балалар  ән сабағына барды. Ән сабағында балалар әртүрлі тақырыпта әндер  үйреніп, ән айтып ж аттықты. Осыдан кейін балалар «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты мерекелік шара өткізілді.Осы шарада балалар тәрбиешілер мен тәлімгерлердің ұйымдастыруымен ән айтып, би билеп, өз өнерлерін  көрсетті.Мемлекеттік рәміздер жайында слайд көрсетіліп, ақпарат берілді. « Гүлдене бер, Қазақстан! » атты тақырыпта суреттер салынып,  көрме ұйымдастырылған , жақсы салынған суреттер  мадақталды. Осы сурет көрмесінен кейін балалар таза ауаға шығып, «Өз орныңды тап» , « Музыкалы орындық»  қызықты ойындары ойнатылды. Осыдан кейін оқушылар түскі ас ішті.

     Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты.Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін

Балалар бесін асын ішуге барса, біздің бесін асымызды ұрлап кеткені жөнінде хат алып,бесін асын іздеуге шықтық.Бесін асын қарақшылар ұрлап кеткенін біліп, олардың берген тапсырмаларын орындадық.Қиын болсада, балалар қарақшылар тапсырмасын таласа отырып, орындады. Осылай бесін асын қайтарып алып, тойғанша жеп, мәз болды.Бесін астан кейін үйлеріне қайтты.

5 маусым. Гүлдер күні

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу.Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді. «Жаз мезгіліндегі алғашқы көмек »  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

  Таңғы астан кейін «Қарлығаш» лагерінің ашылу рәсімі өтті.Балаларды лагерь басшысы Суровикина Валентина Ивановна, лагерь методисі  Байдрахманова А.Ш. лагерьдің ашылуымен құттықтады. «Қош келдің, жарқын жаз!» атты мерекелік  шара өткізіліп, балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әр түрлі қызықты ойындар ойнады.Содан кейін балалар арасында «Бұл қандай гүл?» атты ойын өткізілді. «Ерекше  гүлдер мен костюмдер»  атты сайыс өтіп, ең әдемі костюмдер анықталып, марапатталды. Осыдан кейін балалар таза ауаға шығып, «Өз орныңды тап», « Музыкалы орындық»  қызықты ойындары ойнатылды. Осыдан кейін оқушылар түскі ас ішті.

     Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты.Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін  балалар бесін асын ішті.Содан кейін балаларға гүлдер  бейнеленген боямаларды бояды.Осы суреттер арасында көрме өткізіліп,жақсы салынған суреттер мадақталды. Лагерь ауласында таза ауада балалар қызықты ойындар  ойнады.

 6 маусым. Денсаулық күні

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу.Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді. «Спорт ойындарын  ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережесі»  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

    Таңғы астан кейін балалар  ән сабағына барды. Ән сабағында балалар әртүрлі тақырыпта әндер  үйреніп, ән айтып жаттықты.  Ән сабағында « музыкалық ырғақты тап» ойынын  ойнап , аспаптарға байланысты  жұмбақтар шешті

«Біз жас сп ортшылар!» атты спорттық ойындардан жарыс өтті.Жарысты дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы өткізді.Балалар эстафеталық ойындар ойнап, дамытатын ойындар ойнатылды.

    Осыдан кейін балалар таза ауаға шығып, «Көксерек», «Соқыр теке»  қызықты ойындары ойнатылды. Осыдан кейін оқушылар түскі ас ішті.

     Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты. Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін  балалар бесін асын ішті. Содан кейін балаларға «Спорт, спорт,спорт!!!»  атты тақырыпта суретер салынды. Осы суреттер арасында көрме өткізіліп,жақсы салынған суреттер мадақталды. Лагерь ауласында таза ауада балалар қызықты ойындар  ойнады.

7 маусым. Ертегілер күні

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу. Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді. «Егер үйде жалғыз қалсам »  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

    Таңғы астан кейін балалар  ән сабағына барды. Ән сабағында балалар әртүрлі тақырыпта әндер  үйреніп, ән айтып жаттықты.  Ән сабағында «әндер қоржыны» ойынын  ойнап , әндерге  байланысты  жұмбақтар шешті.

    «Ертегілер әлемінде » атты мерекелік шара өткізілді.Онда лагерь демалушылары «Қызыл телпек»,     «Мақта қыз» ертегі желісінде рөлдік қойылымдар қойылды. Бұл қойылымдарға барлық демалушы балалар қатысты.

Осы қойылымнан кейін балалар «Алдар көсе» ертегісін интерактивті тақтадан қызықтады.

         Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты.Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін  балалар бесін асын ішті.Содан кейін балаларға «Менің сүйікті кейіпкерім!!!»  атты тақырыпта суреттер салынды. Осы суреттер арасында көрме өткізіліп,жақсы салынған суреттер мадақталды. Лагерь ауласында таза ауада балалар қызықты ойындар  ойнады.

10 маусым. Саяхат күні.

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу.

Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді. «Қоғамдық жерлерде өзіңді ұстау ережесі»  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

    Таңғы астан кейін балалар  ән сабағына барды. Ән сабағында балалар әртүрлі тақырыпта әндер  үйреніп, ән айтып жаттықты.  Ән сабағында «Сиқырлы ноталар» ойынын  ойнап , әндерге  байланысты  жұмбақтар шешті.

 Ауыл ішіне саяхатқа шықтық. Наубайханада Гүлнар, Галина апайлар жылы жүзбен қарсы алып бізге жол бастап, мол ақпарат  алдық.Күнделікті жеп жүрген нанымыздың, тәтті тоқаштар, кекстер мен торттардың жасалу, пісіру  жолдарын өз көздерімізбен көріп қайттық. Осыдан кейін оқушылар түскі ас ішті.

     Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты.Тәтті ұйқыдан оянған балалар бесін асын ішті.Ауыл ішіндегі балаларға арналған ойын алаңына барды. Таза ауада балалар қызықты ойындар  ойнады.

11 маусым. Бантиктер күні.

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу. Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді.  «Дәрумендер»  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

    Таңғы астан кейін балалар  ән сабағына барды. Ән сабағында балалар әртүрлі тақырыпта әндер  үйреніп, ән айтып жаттықты.  Ән сабағында «музыкалық ырғақты тап» ойынын  ойнап, аспаптарға байланысты  жұмбақтар шешті

«Бантик»   күніне арналған концерттік бағдарлама өтті. Онда балалар вальс билеп, өлең айтып,қызықты ойындар ойнады.  «Менің сүйікті де сүйкімді ойыншықтарым» атты фестиваль өтті. Ең соныңда бүгінгі күннің «Бантик ханшайымы» анықталып, мадақталдық.Бұл жеңімпаз қызымызда 18 бантик тағылған екен.

    Осыдан кейін балалар түскі ас ішті.

     Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты.Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін  балалар бесін асын ішті.Содан кейін балалар таза ауаға шығып, «Көксерек», « Соқыр теке»  қызықты ойындарын ойнады.  

12 маусым. Кітаптар күні.

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу.

Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді. «Менің бойым, менің салмағым » атты  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

    Таңғы астан кейін балалар  ән сабағына барды. Ән сабағында балалар әртүрлі тақырыпта әндер  үйреніп, ән айтып жаттықты.  Ән сабағында ойындар  ойнап, әндерге  байланысты  жұмбақтар шешті.

   Балалар ауыл ішіндегі кітапханаға саяхаттап бардық. Кітапханашы апай мол ақпарат берді.Содан кейін әскери бөлімшеге бардық. Әскери бөлімшенің ғимаратын, айналасындағы әскери техникаларды араладық, автомат қаруының бұзылып, жиналуын  тамашаладық. Осыдан кейін балалар түскі ас ішті.

 Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты. Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін балалар бесін асын ішті. Саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп, сурет салды.

13 маусым. Жолда жүру ережесі күні

Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу.

Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді. «Жолда абай бол, балақай!» атты  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

Таңғы астан кейін балалар  ән сабағына барды. Ән сабағында балалар әртүрлі тақырыпта әндер  үйреніп, ән айтып жаттықты.  Ән сабағында ойындар  ойнап , әндерге  байланысты  жұмбақтар шешті.

Ән сабағынан кейін «Сен жолда жүру ережесін білесің бе?» атты тақырыпта шара өткізілді.Лагерь демалушылары бағдаршам, жол инспекторы, жол белгілері болып киініп, қойылым өткіздік. Бұл шара арқылы балалар мол ақпарат ала отырып, уақыттарын қызықты өткізді. Балалар түскі ас ішті.

Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты.Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін  балалар бесін асын ішті.Саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп, сурет салды. Таза ауада «Бағдаршам» ойынын ойнады.

 

14 маусым. Шығармашылық күні

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу.Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді. Денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

Таңғы астан кейін «Қарлығаш» лагерінің 1 маусымының жабылу рәсімі өтті. Мерекелік  шара өткізілді. Бұл күні лагерьді жабу үшін арналған кілтті қарақшылар тобы кілтті ұрлап кетіпті. Кілтті қайтару үшін  балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Клоундармен әр түрлі қызықты ойындар ойнады. Осыдан кейін балалар таза ауаға шығып, «Өз орныңды тап», « Музыкалы орындық»  қызықты ойындары ойнатылды. Осыдан кейін оқушылар түскі ас ішті.

  Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты.Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін балалар бесін асын ішті.Осыдан кейін балалар таза ауаға шығып, «Өз орныңды тап», « Музыкалы орындық»  қызықты ойындары ойнатылды.

17 маусым. Достық күні.

 -Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу. Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді.

-Линейка

-Таңғы ас

Таңғы астан кейін «Кел, танысып қояйық!» ұйымдастыру сәті өтті. Әр оқушы автор орындығына отырып, өз жайында таныстырды. Оқушылар отбасы, жақын достары, сүйікті ойындары жайында әңгімеледі. Басынан өткен қызықты есте қаларлық оқиғаларын айтты.

- Түскі астан  кейін оқушылар тәтті ұйқыға жатты. Ұйқыдан оянғаннан кейін балалар бесін асын ішті. Содан кейін балаларға достық тақырыбында сурет салынды.Осы суреттер арасында көрме өткізіліп, жақсы салынған суреттер мадақталды. Лагерь ауласында таза ауада балалар қызықты ойындар ойнады.

19 маусым. Гүлдер күні

-Балаларды қабылдау

-Таңғы жаттығу. Дене шынықтыру мұғалімі Лариса Николайқызы  балаларға таңғы жаттығуды таза ауада жүргізді. «Жаз мезгіліндегі алғашқы көмек»  тақырыбында денсаулық минуты өтті.

-Линейка

-Таңғы ас

Таңғы астан кейін «Қарлығаш» лагерінің ашылу рәсімі өтті.Балаларды лагерь басшысы Суровикина Валентина Ивановна, лагерь методисі  Байдрахманова А.Ш. лагерьдің ашылуымен құттықтады. «Қош келдің, жарқын жаз!» атты мерекелік  шара өткізіліп, балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әр түрлі қызықты ойындар ойнады. Содан кейін балалар арасында «Бұл қандай гүл?» атты ойын өткізілді. «Ерекше  гүлдер мен костюмдер»  атты сайыс өтіп, ең әдемі костюмдер анықталып, марапатталды. Осыдан кейін балалар таза ауаға шығып, «Өз орныңды тап», « Музыкалы орындық»  қызықты ойындары ойнатылды. Осыдан кейін оқушылар түскі ас ішті.

Балалар түскі астан  кейін тәтті ұйқыға жатты. Тәтті ұйқыдан оянғаннан кейін балалар бесін асын ішті. Содан кейін балаларға гүлдер  бейнеленген боямаларды бояды. Осы суреттер арасында көрме өткізіліп, жақсы салынған суреттер мадақталды. Лагерь ауласында таза ауада балалар қызықты ойындар  ойнады.


Просмотров: 2159
Дата создания: 21.06.2013
Дата редактирования: 21.06.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource